Ізденіс

Шежірені оқу

Шежіренің құрылымын білу үшін жоғарыдағы мысалды түсініп алу қажет.

Әр бағана 30 жылдық аралықты қамтиды. Бір әкенің барлық балалары осы 30 жыл аралығында туған деп есептеледі. Енді осы балалардың біреуі, ең үлкенінен бастап, қою қара әріппен теріліп, келесі бағанаға осы атаның балалары жазылады. ...тағы-тағыдай барлық ұрпағы жазылып болған соң, келесі бала сол бағанаға қайтадан қою қара әріппен теріліп, келесі бағанаға оның балалары жазылады.

Егер ұрпақ жалғыз болса, қою қара әріппен ерекшелемесе де болады.

Мысалы: Жақияның балалары Нәби мен Тоқтар. Атабай 1-ші бағанада, ал оның балалары 2-ші бағанада, 1 жол төмен жазылған. Нәбидің үш баласы болған дейік. Олар 3-ші бағанаға жазылған. Соның ішінде 1-ші адам аты- Аязби, қою қара әріппен теріліп, 4-ші бағанаға оның 2 -ұрпағы, Қайрат пен Айбек жазылған. 5-ші бағанада Қайраттың балалары Данияр, Ардақ және Айбектің баласы Талғат жазылған.

Мәксімнің ұрпағы таратылмаған. Мүмкін ұрпағы жоқ, не белгісіз болар. Енді, келесі Мәптіхан қою қара әріппен ерекшеленіп, 5-ші бағанаға балалары Серік пен Берік жазылған

Сонымен: "Жақия, одан-Нәби, одан-Аязбай, одан-Қайрат, одан-Данияр мен Ардақ "- деп, таратамыз. Нәбидің ұрпағы таратылып болғандықтан, 2-ші бағанаға қайта ораламыз. Нәбидің кейінгі інісі - Тоқтар осы бағанаға қайта жазылып, қою қара әріппен ерекшеленіп, оның ұрпағын тарата бастаймыз.

Егер осы ата тарату әдісін толық меңгеріп алмасаңыз, шежірені түсіне алмайсыз! Іске сәт, қадірменді туысқандар!

 
                                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы, 2011 жыл